Вашингтон Қытайға тағы салық салмақшы

656

Вашингтон Қытайға тағы салық салмақшы

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан импортталатын тауарға  50 миллиард долларға дейін салық енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады, деп жазады 24.kz.

Жыл басынан бері АҚШ пен Қытай арасындағы қатынас шиеленісе түсті. Оған Вашингтонның "Бейжің әділетсіз сауда саясатын жүргізіп отыр" деп наурыз айында кешенді шаралар жөнінде меморандум қабылдауы себеп болды. Ал сәуірдің 3-і күні Қытайдан әкелінетін бір мыңнан астам тауарға 25 пайыз салық енгізетінін жариялайды.

Бейжің де көп кешікпей АҚШ-тың 106 тауарына баж салығын салды. Мамырдың 20-сы күні қос тарап ортақ келісімге келгендей болғанымен, соңынан қатынас қайта ушықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу