Вашингтонда атыс болып, салдарынан жасөспірім қаза болды

525

Атыс ашқандар ұсталған жоқ.

Вашингтонда атыс болып, салдарынан жасөспірім қаза болды

АҚШ астанасы Вашингтон қаласында мереке кезінде атыс болып, салдарынан 15 жастағы жасөспірім ажал құшты, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, атыстан үш адам жарақат алды. Оның біреуі – полицей қызметкері. Олардың барлығы да ауруханаға жеткізілді. 

Оқиға АҚШ-тағы құлдықтың жойылуын атап өту үшін ұйымдастырылған мерейтойлық концерт кезінде болған.

Тәртіп сақшылары бұл концерт билікпен келісілмегенін мәлім етті. Атыс ашқандар әзірге ұсталған жоқ, оларды тәртіп сақшылары іздестіруде. 

Бұған дейін Чаттануга қаласындағы (Теннесси) бардың жанында атыс салдарынан үш адам қаза тапқан еді. Сонымен қатар Филадельфия қаласындағы көшелерде үш адам оққа ұшып, кем дегенде 12 адам жарақат алды.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу