Велоспорттан биылғы Азия чемпионаты өтпейтін болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Азия велоспорт конфедерациясының хабарлауынша, 2020 жылғы құрлықтық біріншілік болмайды. Конфедерацияның мұндай шешім қабылдауына Covid-19 пандемиясы себеп болған.
Айта кетерлігі, бастапқыда дода 17-22 наурыз күндеріне жоспарланған болатын. Одан кейін белгісіз мерзімге шегерілген. Жоспар бойынша 2020 жылғы Азия чемпионаты Малайзияның Кибеоджайя қаласында өтуге тиіс еді. 
 
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу