Веложолдар мен велотұрақтар қажет пе?: Қарағандыда қоғамдық ұйым тұрғындарды сауалнамаға шақырады

426

Қарағандылықтар қаланың велоконцепциясын әзірлеуге қатыса алады.  

Веложолдар мен велотұрақтар қажет пе?: Қарағандыда қоғамдық ұйым тұрғындарды сауалнамаға шақырады Фото: gov.kz

"ЭкоМұражай" қоғамдық ұйымы "Қарағандыда веложолдар мен велопарктер қай жерлерге қажет?" сауалнамасын жариялайды, деп жазады inbusiness.kz.

Ұсыныстар 31 наурызға дейін мына сілтеме бойынша жіберілуі керек: https://forms.gle/5dwvSkULVzwnTGpF9.

"Сіздердің ұсыныстарыңыз "Климат өзгеруде – оған қатысым бар" бастамасының сарапшыларына Қарағанды қаласының әкімдігі үшін велосипед инфрақұрылымын дамыту жоспарын әзірлеуге көмектеседі", – деп атап өтті Экомұражайда.

"Бұл ауа сапасын жақсартуға көмектеседі", - дейді сауалнаманы ұйымдастырушылар.

Велокөліктің танымалдығы жыл сайын артып келеді, қала бойынша ыңғайлы жүріп-тұру үшін жағдай жасау қажет.

Қоғамдық ұйымның мәліметінше, бүгінде Қарағандыда 20-ға жуық велотұрақ орнатылған, велосипед жөндеу пункттері бар, серуендеу веложолдары екі саябақта – орталық және жаңа Майқұдықта орналасқан.

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады:

+7-705-759-99- 09, (8-7212) 41-33-44 (Ирина Игнатович).

Электрондық мекен-жайы: ecomuseum@ecomuseum.kz.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу