Вена, Рим, Шанхай бағытында рейстер ашылады – министр

127

Отандық әуежайларға жүк авиатасымалдаушыларды тарту үшін ірі шетелдік авиакомпаниялармен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Вена, Рим, Шанхай бағытында рейстер ашылады – министр Фото: Shutterstock

Вена, Рим, Шанхай және тағы басқа бағыттар бойынша рейстер ашылады. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Авиация бойынша 2025 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысы мақұлдаған үш жылдық жоспарға сәйкес жұмыстар басталды. Биыл жаңа халықаралық авиамаршруттарды қайта бастау және ашу жоспарда. Сондай-ақ Вена, Рим, Шанхай және тағы басқа бағыттар бойынша рейстер ашылады",  – деді Көлік министрі.

Авиатранзитті ұлғайту үшін авиаотынның бағасын азайту шаралары іске асырылып жатқаны белгілі болды. 

"Қазіргі уақытта ҚазМұнайГаз-Аэро барлық әуежайларда қолжетімді. Қазақстандық әуежайларға жүк авиатасымалдаушыларды тарту үшін ірі шетелдік авиакомпаниялармен жұмыс жүргізілуде. Олар – FedEx (АҚШ), UPS (АҚШ), Cargolux (Люксембург), DHL (Германия), Lufthansa Cargo (Германия). Жалпы бұл салада көрсеткіштер оң динамикасын көрсетіп отыр: авиа жүк өңдеуі өсіп жатыр", – деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу