Венада Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған көрме ашылды

819

Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Венадағы БҰҰ ғимаратының орталық залында тақырыптық көрме ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Венада Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған көрме ашылды

Онда бірегей фотосуреттер, тарихи құжаттардың, оның ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың полигонды жабу туралы Жарлығының, көшірмелері, сонымен қатар аталған тақырып бойынша балалардың суреттері ұсынылған.

Көрмеде полигонның қызметіне және жабылуына қатысты бейнероликтер мен сирек кездесетін фотосуреттер, сонымен бірге полигон тарихын егжей-тегжейлі баяндайтын британдық режиссер Андре Сингердің "Жел қайдан соққан еді" атты деректі фильмі көрсетілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу