Венадағы халықаралық ұйымдар Парламенттік сайлауды назардан тыс қалдырмайды

588

Парламенттік сайлау 2023 жылғы 19 наурызда өтеді.  

Венадағы халықаралық ұйымдар Парламенттік сайлауды назардан тыс қалдырмайды Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров өзінің жұмыс сапары барысында Венада аккредиттелген халықаралық ұйымдардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстандық дипломат алдымен БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінің және БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) басшысы Ғада Уәлимен кездесті. Онда ол әріптесіне еліміздегі ұлттық және өңірлік жобаларды, әсіресе полиция реформасы мен киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы жобаларды іске асырғаны үшін алғысын білдірді.

"Ғ.Уәли БҰҰ ЕҚБ мен KazAID қазақстандық халықаралық даму агенттігі арасында Қырғызстандағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және жастардың әлеуетін дамыту жөніндегі жаһандық бастаманың (GRACE) жобаларын іске асырудағы ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді", - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарламасында.

Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарты ұйымының (ЯСЖТШҰ) Атқарушы хатшысы Роберт Флойдпен сұхбат барысында тараптар Қазақстанда бірлескен ғылыми-техникалық іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады.

Ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесуде Министрдің бірінші орынбасары оған ЕҚЫҰ мен Парламенттік ассамблея сарапшыларының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына байқау жүргізуге қатысуға ниет білдіргендеріне ризашылығын жеткізді.

"Қ. Омаров Бас хатшыға ҚР Сыртқы істер министрінің атынан биыл 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды", - делінген хабарламада.

Халықаралық ұйымдардың басшылары 2023 жылғы 19 наурызда өтетін парламенттік сайлауды сәтті өткізуге тілектес болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу