Венадағы оқиғадан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ

641

Австрия шекарадағы бақылауды күшейтіп, арнайы операцияны бастап кетті.  

Венадағы оқиғадан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ

2 қарашада Австрия астанасы Вена қаласында қару асынған бірнеше адам атыс ашып, салдарынан екі адам қаза тапты. Тағы 14 адам түрлі деңгейде жарақат алған.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғына қатысты мәлімет берді.

"2 қараша күні кешке Аустрия астанасы Вена қаласында белгісіз адамдар оқ атыпты. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметі бойынша қаза тапқандар мен жарақаттанғандар бар. Аустриялық полиция терроризмге қарсы ауқымды операция жүргізуде. Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінің алдын-ала ақпаратына сәйкес, қаза тапқандар мен жарақаттанғандар арасында ҚР азаматтары жоқ", – деп жазылған СІМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу