Венесуэла АҚШ-қа 50 млн баррель мұнай жеткізбек

331

Алайда, Каракас бұл мәмілені әлі ресми түрде растаған жоқ.  

Венесуэла АҚШ-қа 50 млн баррель мұнай жеткізбек Фото: x.com/WhiteHouse

Дональд Трамп Венесуэла АҚШ-қа 30-50 млн баррель жоғары сапалы мұнай жеткізетінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Трамптың айтуынша, мұнай нарықтық бағамен сатылады, ал түскен қаржыны АҚШ әкімшілігі бақылап, қаражат Венесуэла мен АҚШ халқының игілігіне жұмсалады.

Трамп бұл жоспарды жүзеге асыруды Энергетика министрі Крис Райтқа тапсырғанын хабарлады. Мұнай АҚШ айлақтарына тікелей танкер-қоймалармен жеткізіледі.

50 млн баррель мұнай бұл – жаһан бір тәулікте тұтынатын мұнай көлемінің жартысы.

Алайда, әлемдік сарапшылар Ақ үйдің бұл жоспарына күмәнмен қарайды. Олар Венесуэланың мұнай саласын қалпына келтіруге өте көп қаржы мен уақыт кететінін айтады. Оның үстіне, бұл елдің мұнайы ауыр әрі қайта өңделуі қиын. Қазір Венесуэлада америкалық мұнай компанияларынан тек Chevron ғана жұмыс істеп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу