Венесуэла халқы ақшасын криптовалютамен сақтауға көшті

1040

Елдің төл валютасы – боливар әлдеқашан құнын жойған. Сол себепті Венесуэладағы жағдайы бар халық қолда бар қаражатына Petro, Bitcoin сатып алып жатыр.

Венесуэла халқы ақшасын криптовалютамен сақтауға көшті

Венесуэлалықтар жиған-тергенін криптовалютаға айналдырып сақтауға көшті. Себебі экономикалық дағдарыстың қашан аяқталары белгісіз, деп хабарлайды Atameken Business.

Оңтүстік Америкадағы мұнайлы өлкеде саяси дағдарыс та бар. Дәстүрлі валюта боливар әлдеқашан құнын жойған. Сол себепті Венесуэладағы жағдайы бар халық қолда бар қаражатына Petro, Bitcoin сатып алып жатыр.

Бүгінде халықтың әлеуметтік жағдайы өте нашар. Ел 4 күн бойы жарықсыз отыр. Электр станциясында тағы да апат болып, салдарынан ауыз су да тоқтатылды. Себебі бұл жақта тіршілік нәрі өте терең жерде орналасқан. Оны электр қуатының көмегінсіз алу мүмкін емес. Осыдан кейін елде бүгін тағы да демалыс жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу