Венесуэлада әйел сәбиін үйінді астында босанған

471

Екеуі де дін аман.  

Венесуэлада әйел сәбиін үйінді астында босанған Фото: Бейнежазбадан

Венесуэла астанасындағы зілзаладан кейін үйінді астында қалған әйел аман-есен босанды. Бұл туралы Firstpost басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап. 

"Анасы да, нәресте де дін аман. Бұл оқиға көпшілікке үміт сыйлады. Құтқарушылар қираған аумақтардан тірі қалған адамдарды іздестіруді жалғастырып жатыр", – деп хабарлады басылым.

Құтқарушылар тобы оқиға орнында ана мен балаға шұғыл медициналық көмек көрсетіп, оларды жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. Қазір екеуі ем қабылдап жатыр. Мамандар бұл жағдайды "ғажайыпқа" балап отыр.

El Mundo басылымы желіде әйелдің үйінді арасында сәбиді құшағына алған видеосын жариялады. Ол болашақ анаға сәбиін босануға көмектескен. Басылымның хабарлауынша, жүкті әйелдің толғағы басталған кезде еріктілер оны тапқан.

Венесуэлада жер сілкінісі 24 маусым күні кешке болды. Елде магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жер асты дүмпуі тіркелді. 

Айта кету керек, бұған дейін Венесуэлада 18 күндік сәби үйінді астынан аман шыққанын жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу