Венесуэлада оппозиция өкілдері түрмеден босап шығып жатыр

420

Толық тізім жарияланбады. 

Венесуэлада оппозиция өкілдері түрмеден босап шығып жатыр Фото: AP/Scanpix

Венесуэла үкіметі венесуэлалық және шетелдік тұтқындардың белгілі бір бөлігі бостандыққа шығарылғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

Олардың арасында әйгілі оппозиция өкілдері де бар. Түрмеден шыққандардың нақты саны мен аты-жөні әзірге белгісіз. Испанияның сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тізімде бес испан азаматы бар.

El Nacional газеті венесуэлалық оппозициялық саясаткер Хуан Пабло Гуанипа мен құқық қорғаушы Росио Сан-Мигель бостандыққа шығарылатынын жазды. Кейбір БАҚ президенттікке бұрын үміткер болған Энрике Маркес, соңғы президент сайлауында Николас Мадуроны іс жүзінде жеңді деп есептелетін саясаткер Эдмундо Гонсалес Уррутиидің күйеу баласы Рафаэль Тударестің де босатылуы мүмкін деп отыр.

Foro Penal құқық қорғау ұйымы Венесуэлада 800-ге жуық саяси тұтқын қамауда отырғанын хабарлады. Олардың басым көпшілігі 2024 жылы Николас Мадуроның қайта сайлануына қарсы өткен митингілер барысында ұсталған. Халықаралық ұйымдар мен құқық қорғау белсенділері елдің қауіпсіздік күштері адам құқықтарын қатаң бұзды деп айыптады.

Венесуэлалық құқық қорғаушы Марта Тинеоның сөзінше, тұтқындардың көбі El Helicoide түрмесінен босатылып жатыр. Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты әрі оппозиция көшбасшысы Мария Корина Мачадо саяси тұтқындардың босатылуын қолдады. 

Айта кету керек, бұған дейін Сенат Дональд Трампқа Конгрестің рұқсатынсыз Венесуэлаға шабуыл жасауға тыйым салғанын жазғанбыз. Ақ үй басшысы резолюцияны қолдаған сенаторларды сынға алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу