Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2595-ке жетті, 12 мыңнан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес 1 шілдеде жер сілкінісі құрбандарына жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Ол сол күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де күшіне енді.
Еске сала кетсек, 24 маусымда Венесуэланың солтүстігінде, астанасы Каракастың батысында 39 секунд аралығында 7,2 және 7,5 магнитудалы екі жер сілкінісі болды. Бұл 125 жылдағы елдегі ең қуатты жер сілкіністері болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу