Венесуэлада екі апта бұрын болған екі ірі зілзаладан қаза тапқандар саны 3811-ге жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ресми мәліметке сүйенсек, 25 маусымдағы жойқын жер сілкінісінен 16 740 адам жараланып, 17 907 адам үйсіз қалған.
Reuters агенттігінің жазуынша, елдің уақытша президенті Дельси Родригес Венесуэладан халықаралық санкцияларды тағы да алып тастауды сұрады. Оның айтуынша, шетелде бұғатталған активтер елді қалпына келтіруге жетер еді.
"Венесуэланың бүкіл әлемде бұғатталған ресурстары бар. Ол елді қалпына келтіруге жұмсалар еді", – деп мәлімдеді Президент мемлекеттік VTV телеарнасының эфирінде.
Соңғы 20 жылда АҚШ, ЕО және басқа да елдер Венесуэлаға қатаң санкциялар енгізген. Әлем елдері жергілікті үкіметті демократияға қайшы әрекеттері, есірткі саудасы үшін айыптаған. Шектеулердің көбі әлі күшін жойған жоқ.