Венгрия Украинаға еуропалық бейбітшілік қорынан ақша бөлуге тыйым салды

605

Венгрия Еуропалық бейбітшілік қорынан Украинаға 500 миллион еуро көлемінде әскери көмек траншын бөлуге тыйым салды. 

Венгрия Украинаға еуропалық бейбітшілік қорынан ақша бөлуге тыйым салды Фото: img4.eadaily.com

Венгрияға Украина билігінің венигриялық ең ірі банкке қатысты әрекеті жақпай қалған көрінеді. Елдің Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі мұны растады, деп жазады inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бір күн бұрын Еуропалық бейбітшілік қорынан Украинаға әскери көмекке тосқауыл қою туралы ақпарат Брюссельдегі итальяндық ANSA агенттігіне сілтеме жасай отырып таратылды.

ТАСС тілшісінің бұл ақпаратты растау туралы өтінішіне Венгрия СІМ баспасөз қызметі жауап берді: "Сыртқы істер министрі [Питер Сийярто] жұма күні Стокгольмде нақты мәлімдеме жасады: Украина Венгрияның ең ірі банкін соғыс демеушілері тізімінен шығарғанға дейін, бізбен одан әрі қаржылық әрі экономикалық көмек туралы келіссөздер жүргізу қиын болмақ".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу