Венгрияда наурыз айында Президент сайлауы өтеді

332

Бұл туралы билеуші партияның парламенттегі фракция жетекшісі Мате Кочиш мәлімдеді.   

Венгрияда наурыз айында Президент сайлауы өтеді Фото: Shutterstock

Айта кетейік, Венгрия президенті Каталин Новак қызметінен кеткен еді. Бұған оның қылмыскерге рақымшылық жасауы себеп болған. Осыдан бірнеше күн бұрын президенттің мемлекеттік балалар үйінде бірнеше жеткіншекке сексуалды әлімжеттік жасаған ер адамды жазадан босатқаны қоғамды дүр сілкіндірді. Көшеге шыққан мыңдаған халық Новактың орнынан кетуін талап еткен. Ақыры ол елден кешірім сұрап, қызметінен кетуге мәжбүр болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу