Ветеринария саласындағы көрсетілген қызмет көлемі 33 млрд теңгеге жетті

522

Осы жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында елімізде ветеринариялық қызмет саласында көрсетілген қызмет көлемі 33 млрд теңгеге жетті.  

Ветеринария саласындағы көрсетілген қызмет көлемі 33 млрд теңгеге жетті Фото: BaigeNews.kz

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4%-ға артық. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның ішінде бұл қызмет түрі ауылдық жерлерде 13 млрд теңгеге көрсетілген.

Республика бойынша алып қарайтын болсақ, сектордағы қызметтің негізгі көлемі Астанада тіркелді (3,9 млрд теңге). Одан кейінгі орындарда Жамбыл (2,7 млрд теңге), Түркістан (2,4 млрд теңге) және Ақмола облыстары (2,3 млрд теңге) орналасты.

"Ветеринария саласындағы қызмет көлемі Ұлытау облысында ең аз (362 млн теңге)", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу