Вьетнамның Ханой қаласының Тхань Лиет ауданында орналасқан ағаш өңдеу зауытында алапат өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өрт 29 наурыз күні шамамен сағат түнгі 23:40-та Тан Чиеу филиалындағы К. ауруханасына (Тан Триеу филиалы) қарама-қарсы орналасқан ағаш өңдеу шеберханасында тұтанған.
Оқиға туралы хабар түскеннен кейін Ханой қаласының өрт сөндіру және құтқару қызметі оқиға орнына ондаған өрт сөндіру техникасын, сондай-ақ көптеген офицерлер мен сарбаздарды жұмылдырды.
Түнгі сағат 02:00 шамасында қатты жалын мен қою түтін өртті бақылауға алуды қиындатқан. Билік өкілдері тілсіз жаумен күресті жалғастырып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу