Вьетнамда су тасқынынан қаза тапқандар саны 50-ден асты

104

28,4 мыңнан астам тұрғын үй әлі де су астында, ал 946 үй зақымдалған.

Вьетнамда су тасқынынан қаза тапқандар саны 50-ден асты Фото: Синьхуа

Вьетнамның орталық өңірінде бірнеше күн бойы толассыз жауған нөсер мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 55 адамға жетті, тағы 13 адам хабар-ошарсыз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа басылымына сілтеме жасап.

Елдің Дамбаларды басқару және табиғи апаттардың алдын алу департаментінің мәліметінше, тасқын шамамен 80 мың гектар күріш алқаптары мен өзге де ауыл шаруашылығы алқаптарын су астына қалдырған. Сондай-ақ 3,2 миллионнан астам мал мен құс қырылған.

Департамент табиғи апаттан келген жалпы экономикалық шығынды 9 триллион вьетнам донгына (яғни шамамен 358 миллион АҚШ долларына) бағалап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу