Вьетнамда жаңа президент

469

Вьетнамның жаңа президенті болып Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің саяси бюросының мүшесі Во Ван Тхыонг сайланды. 

Вьетнамда жаңа президент Фото: iz.ru

Оның кандидатурасын бейсенбіде елдің ұлттық Ассамблеясы бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасап.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Мемлекет басшысы болып бекітілгеннен кейін Во Ван Тхыонг ант берді.

53 жастағы Во Ван Тхыонг кандидатурасы бірауыздан мақұлданды. Ол Вьетнамның саяси тарихындағы ең жас президент болды.

Елдің бұрынғы президенті Нгуен Суан Фук Мемлекет басшысы қызметінен кетіп, сонымен қатар 17 қаңтарда КПВ Орталық Комитеті мен саяси бюросының құрамынан шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу