Вьетнамда жоғалған қазақ қызы аман-есен табылды

114

Кеше 26 жастағы Әсем Әубәкірдің Вьетнамда жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. 

Вьетнамда жоғалған қазақ қызы аман-есен табылды

Бүгін әпкесі әлеуметтік желідегі парақшасында оның табылғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бойжеткеннің туысы іздеу жұмыстарына атсалысқан мемлекеттік органдар мен барша жандарға алғыс білдірді. Бірақ Әсемнің денсаулығы мен жағдайы туралы толық мәліметті әзірге жарияламады.

– Ең басты мақсат – оның қасына тезірек жету. Бағасына қарамай, ең қысқа жолмен ұшып баратын билет іздеп жатырмын. Қазір Әсемнің қасында консул бар, – дейді әпкесі Рузана.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу