Вьетнамда жойқын су тасқынынан 28 адам қаза тапты

146

Вьетнамның орталық аймақтарында толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны болып, кемінде 28 адам қаза тапты, 11 адам із-түзсіз жоғалған.

Вьетнамда жойқын су тасқынынан 28 адам қаза тапты Фото: Бейнежазбадан

Апаттан ең көп зардап шеккен өңірлерге Хюэ, Хой Ан және Да Нанг қалалары кіреді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кей жерлерде тәулік ішінде рекордтық мөлшерде жаңбыр жауған.

Су тасқыны салдарынан жолдар мен үйлер су астында қалды, ал электр желілері мен байланыс жүйелері істен шыққан. Құтқару қызметтері тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға көшіруді жалғастырып жатыр.

Вьетнам билігі табиғи апат аймақтарында төтенше жағдай жариялап, гуманитарлық көмек көрсетуді бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу