Вьетнамдық инвесторлар Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын салуға ниетті

935

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Вьетнамның ROX Living Global компаниясының өкілдерімен кездесті.

Вьетнамдық инвесторлар Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын салуға ниетті Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Тараптар инвестордың Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамытуға қатысу мәселесін талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Компания тұрғын үйлерді, кеңселерді, дүкендерді, білім беру және медициналық мекемелерді, спорт нысандары мен қоғамдық кеңістіктерді біріктіретін көпфункционалды кешеннің тұжырымдамасын таныстырды. Сондай-ақ аумақты көгалдандыру, көркейту және жүргінші аймақтарын ұйымдастыру көзделген.

Дархан Сатыбалды Алматының жаңа іскерлік орталықтар қалыптастыруды көздейтін полиорталық даму үлгісі бойынша дамып жатқанын атап өтті. Ол компанияның бастамасын қолдап, әкімдік жобаға жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Қала әкімінің айтуынша, жобаны іс жүзінде жүзеге асыру кезеңіне мүмкіндігінше тезірек көшу маңызды.

Әзірге көпфункционалды кешен құрылысының нақты құны, басталу мерзімі мен аяқталатын уақыты жарияланған жоқ.

Айта кетейік, 1996 жылы құрылған ROX Group компаниясы жылжымайтын мүлік, қаржы, энергетика және қонақ үй бизнесі салаларында жұмыс істейді. Топтың инвестициялық портфелінде әлемнің 12 еліндегі 100-ден астам жоба бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу