Вице-министр Арыста 4 адамның өмірін қиған жол апатына қатысты пікір білдірді

377

Күдікті қамауға алынды.    

Вице-министр Арыста 4 адамның өмірін қиған жол апатына қатысты пікір білдірді Фото: t.me/kozachkow

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жақында Түркістан облысында болған жантүршігерлік жол апатына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Түркістан облысына келсек, бұл деректі растаймын. Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмысты ауырлататын қосымша мән-жайлар анықталды. Атап айтқанда, жол апатына қатысы бар жүргізушінің мас күйде болғаны белгілі болды. Бұл сараптама қорытындысымен расталды. Қазір қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл – жол-көлік оқиғасын алкогольдік масаң күйде жасау", – деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.

Санжар Әділов күдікті қамауға алынғанын айтты.

Ішкі істер министрінің орынбасары жаза мәселесін сот шешетінін баса айтты.

Айта кету керек, бұған дейін Арыс қаласында мас жүргізуші әйел жантүршігерлік жол апатын жасағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу