Вице-министр: "Егіске бөлінген қаражатты барынша тиімді пайдалансақ"

1040

Бүгінгі үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров көктемгі егіс жұмыстарына дайындық туралы айтты. 

Вице-министр: "Егіске бөлінген қаражатты барынша тиімді пайдалансақ"

Қазір тыңайтқыштар қымбаттаған тұста фермерлерге әкімдер тарапынан 27 млрд теңге субсидия қарастырылған екен. "Соны барынша тиімді пайдалану қажет", – дейді ол.

Биыл "Аграрлық несие корпорациясынан" көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына кредит беруге 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінді. "Кең дала" бағдарламасы аясында ресми түрде 77,6 млрд теңге сомасына 2 673 өтінім келіп түсті, оның ішінде 24,1 млрд теңге сомасына 720 өтінім қаржыландырылды, 40,4 млрд теңге сомасына 1 748 өтінім мақұлданды, 13,1 млрд теңге сомасына 205 өтінім жұмыс істеп жатыр.

Вице-министрдің айтуынша, қазір Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қаржыландыруға өтінім қабылдай бастады. Ондағы сома 80 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Бұл былтырғыдан екі есе артық.

Айта кету керек, министрлік бюджеттен "фермерлерді қолдауға" деп тағы қосымша 70 млрд теңге сұраған

Баяндамашының айтуына қарағанда, биылғы егіс алқабы – 23,1 млн гектар. Былтырғыдан 125 мың гектар көп. Жемшөп дақылдарының алқабы едәуір ұлғайтылып, 3,6 млн гектар болды.

"АӨК-ті мемлекеттік қолдаудың жаңа тәсілдерімен, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ауыспалы егісті сақтауға қатаң тәсілдеме көзделгенін атап өткім келеді. Мысалы, майлы дақылдар жоғары рентабельді және дәнді дақылдарға қарағанда сұранысқа ие. Бұған баса назар аудару керек", – деді бірінші вице-министр.

Оның сөзінше, қолда бар трактор, тұқым сепкіш және топырақ өңдегіш сында техникалардың 92 пайызы әзір. Науқан басталғанша олар да 100 пайыз дайын болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу