Вице-министр соңғы қоңырау болмайтынын айтты

1032

БҒМ жағдайды бақылап, басқа мемлекеттік органдармен байланыста отырады.  

Вице-министр соңғы қоңырау болмайтынын айтты

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектептердегі соңғы қоңырау салтанатын өткізу және дәстүрлі түрге оқуға қайта көшу жөнінде пікірін білдірді.

"Биыл 9 және 11 сыныпта қорытынды аттестациялау болмайды. Әдетте 9 сынып 4 пәннен, 11 сынып 5 пәннен емтихан тапсыратын. Барлық пәннің жылдық қорытындысы негізінде аттестат табысталады. Ал соңғы қоңырау оқу жылы аяқталған кезде болатын салтанатты шара. Қазіргі қашықтықтан оқытуға, елдегі жағдайға байланысты бұндай шара болмайды. Жалпы, оқу жылында қорытынды бағаны шығару әдеттегідей жүргізіліп, оқу жылы аяқталады" , – деген БҒМ вице-министрі білім беру процесі қашан бұрынғыдай дәстүрлі түрге көшетіні жөнінде пікірін білдірді.

"Әрине барлығы бұрынғы режимге көшкісі келеді. Бұның бәрі төтенше жағдай кезіндегі ахуалға байланысты болады. Біз жағдайды бақылап, басқа мемлекеттік органдармен байланыста отырмыз. Қанадай-да бір өзгерістер бола қалса, алдын ала хабарлап айтамыз. Әзірше қашықтықтан оқыту форматын сақтаймыз", – деді Шолпан Каринова.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу