Вице-министр: Ресей – біздегі инфляцияның негізгі көздерінің бірі

166

Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов Қазақстан экономикасының көрші елдерге тәуелділігі туралы пікір білдірді.

Вице-министр: Ресей – біздегі инфляцияның негізгі көздерінің бірі Фото: gov.kz

Оның айтуынша, бізде дағдарыс құбылыстарына арналған Ұлттық қор дейтін "қауіпсіздік қапшығы" бар. Басқа да көздер бар.

Бірақ, вице-министр соншалық бір үлкен дағдарыс болады деп ойламайтынын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Қазір теңгенің қанша пайызға әлсірейтінін айтуға әлі ерте. Иә, біздегі инфляцияның негізгі көздерінің бірі – солтүстіктегі көршіміз Ресей Федерациясы. Бірақ басқа елдермен де жұмыс істеп жатырмыз. Экспорттың көбі Еуропа мен Батыс елдеріне, Қытайға бағытталатынын білесіздер. Бұл елдермен өзара доллармен есеп айырысамыз,  деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу