Вице-премьер шағын және орта бизнеске қандай қолдау көрсетілетінін түсіндірді

183

Шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы әзірленді. 

Вице-премьер шағын және орта бизнеске қандай қолдау көрсетілетінін түсіндірді Фото: primeminister.kz

Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту бойынша жүйелі шаралар жалғасады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторы – шағын және орта бизнес. Әкімшілік жүктемені азайтып және қолдау көрсете отырып, бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту бойынша жүйелі шаралар жалғасады. Басымдық берілетін салаларда кәсіпкерлік қызметті ынталандыру үшін "Өрлеу" жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды", – деді вице-премьер Үкімет отырысында.

Ұлттық экономика министрі өңірлік мамандандыру жобаларына бағдарланған "Іскер аймақ" шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы әзірленгенін айтты. 

"Бағдарламаны іске асыру шамамен 23 мың жобаны қолдауға, 127 млрд теңге бюджеттік қолдаумен, 1,2 трлн теңге сомасына кредит беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді Серік Жұманғарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу