VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаттары ант берді

1736

VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің алғашқы пленарлық отырысының күн тәртібі бойынша алдымен жаңа сайланған депутатттар Қазақстан халқының алдында ант берді. 

VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаттары ант берді

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", - деді депутаттар Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұдан кейін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы мен оның орынбасарлары сайланады. Сондай-ақ, Мәжілістегі тұрақты комитеттердің саны нақтыланып, оның төрағасы мен мүшелері анықталады. 

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу