Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 02:58-де шамамен 8,4 мың адам тұратын Род-Таун қаласынан (Британдық Виргин аралдары) солтүстік-шығысқа қарай 65 шақырым жерде, 20 шақырым тереңдікте болған.
Құрбандар туралы әзірге ақпарат айтылмады, цунами қаупі де жарияланғанбаған.
Осыған дейін Аргентина жағалауында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың эпицентрі шамамен 58 мың халқы бар Ушуая қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 285 шақырым және шамамен 117 мың адам тұратын Чилидің Пуэнта-Аренас қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 511 шақырым жерде орналасқан.