Владимир Путин Ақордаға келді

250

Ресей басшысының елімізге ресми сапары басталды. 

 Владимир Путин Ақордаға келді Фото: Inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді Ақордада қарсы алды.

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, Қазақстан мен Ресей басшылары бір-біріне министрлерді таныстырды. Президент оркестрі екі елдің Әнұранын орындады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек Ресей басшысы Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Еске салайық, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алғанын жазғн болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу