Владимир Путин Эмомали Рахмонға көңіл айтты

237

Ресей басшысы кінәлілердің жазаланатынын жеткізді.  

Владимир Путин Эмомали Рахмонға көңіл айтты Фото: ТАСС

Ресей президенті Владимир Путин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға Мәскеу облысындағы мектепте оқушының қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап. 

"Екіжақты кездесуімізді бірнеше күн бұрын қаза тапқан тәжік баланың отбасына және өзіңізге шынайы көңіл айтудан бастағым келеді. Балаларға қарсы террорлық әрекеттің жасалуы – аса жиіркенішті қылмыс. Тергеу ісі соңына дейін жеткізіліп, кінәлілер жазаланады", – деді Владимир Путин.

Оның айтуынша, қайғылы оқиға бойынша тергеу толық әрі жан-жақты жүргізіледі. Қос тараптың құқық қорғау органдары бір-бірімен өте тығыз жұмыс істеп жатқаны айтылды. 

"Тергеудің толық көлемде жүргізілетініне еш күмәнім жоқ. Сондай-ақ біз барлық жағдай туралы сізді және құқық қорғау органдарыңыздың өкілдерін хабардар етіп отырамыз", – деп атап өтті Ресей президенті.

Эмомали Рахмон бұл істі жеке бақылауына алғаны үшін Владимир Путинге алғыс айтып, оқиғаны мұқият тергеудің маңыздылығын атап өтті.

"Кінәлілер міндетті түрде жазалануы тиіс", – деді Тәжікстан президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу