Владимир Путин Қазақстанға келеді

558

Ресей басшысының осы аптадағы жұмыс кестесі шықты.

Владимир Путин Қазақстанға келеді Фото: ТАСС

Ресей президенті Владимир Путин осы аптада ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы “Россия 1” (ВГТРК) телеарнасындағы “Мәскеу. Кремль. Путин” бағдарламасының авторы Павел Зарубин өзінің Телеграм арнасында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресей басшысы Владимир Путиннің осы аптада Қазақстанға сапары жоспарланып отыр. Бұдан бөлек ол Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен және Ресей Федерациясының Үкіметімен кеңестер өткізеді, делінген хабарламада.

Айта кету керек, 7 қазан күні Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау жобасы іске қосу рәсімінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөз жүргізген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу