Владимир Путин Ким Чен Ынмен кездесті

628

Ким Чен Ын Ресейге 12 қыркүйекте ресми сапармен келді.

Владимир Путин Ким Чен Ынмен кездесті Фото: eadaily

Амур облысындағы Восточный ғарыш айлағында Ресей президенті Владимир Путин мен КХДР басшысы Ким Чен Ынмен кездесуі өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік хабарлағандай, кездесу барысында КХДР басшысы Ресей Федерациясының басшысына қонақ ретінде күтіп, жылы қабылдағанына алғыс білдірді.

"Бос емес екендігіңізге қарамастан, бізді шақырып, жылы қабылдағаныңыз үшін рахмет", - деді ол.

Өз кезегінде Ресей басшысы Солтүстік Корея басшысымен жүздескеніне қуанышты екенін білдірді.

"Сізді көргеніме өте қуаныштымын, әсіресе тарихи күндер: республиканың құрылғанына 75 жыл, Ұлы азаттық соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, дипломатиялық қатынастардың 75 жылдығы аясында жүздескенімізге ризамын", — деді Путин.

Бұған дейін келіссөздерде екіжақты ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени алмасулар талқыланып, сондай-ақ өңірдегі және жалпы халықаралық істер бойынша ахуал туралы пікір алмасатын болады деп хабарланған болатын.

Ким Чен Ын Ресейге 12 қыркүйекте ресми сапармен келді. Соңғы рет Солтүстік Корея басшысы 2019 жылы Владивостокқа келген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу