Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық тіледі

596

Ресей президенті Владимир Путин жүрегіне ота жасалған Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық тіледі Фото: elbasy.kz

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путинге қоса басқа мәскеуліктер де Назарбаевтың сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді, деп жазды РИА Новости.

Бүгін 20 қаңтар күні Қазақстанның экс-президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалып, оның сәтті өткенін хабарлаған болатын.

Ал, кардиохирург Юрий Пя 2022 жылға жоспарланған ота неліктен бүгін жасалғанын түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу