Владимир Путин шетелдегі ресейліктердің мүлкін бұғаттауға рұқсат беретін заңға қол қойды

89

Құжат 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.   

Владимир Путин шетелдегі ресейліктердің мүлкін бұғаттауға рұқсат беретін заңға қол қойды Фото: РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин елден тыс жерде жүрген азаматтардың Ресейдегі мүлкіне шектеу қоюға мүмкіндік беретін заңға қол қойып, рұқсат берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа заң бойынша Ресей билігі "мемлекет мүддесіне қарсы әрекет етті" деп санайтын азаматтарды, тіпті олар шетелде жүрсе де, әкімшілік жауапкершілікке тарта алады. Ең маңызды өзгерістің бірі – айыппұл төленбейінше азаматтың Ресейдегі мүлкіне тыйым салынуы мүмкін.

Сарапшылар бұл заң шетелге қоныс аударған немесе Ресей билігін ашық сынайтын азаматтарға қысымды күшейтуі ықтимал екенін айтып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу