Волейболдан Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатына шақырту алды

864

Халықаралық волейбол федерациясы әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан әйелдер командасын әлем чемпионатына қатысатын құрамалар қатарына кіргізді, деп хабарлайды Olympic.kz.   

Волейболдан Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатына шақырту алды

Қазіргі таңда Қазақстан әйелдер командасы рейтингте 23-ші орында тұр. 

Сондай-ақ қазақстандық волейболшылар осымен бесінші рет әлем чемпионатына қатысқалы отыр. 

Бұған дейін Қазақстан волейбол командасы 2006, 2010, 2014, 2018 жылы өткен әлемдік доп додасына қатысқан болатын. Команданың ең үздік көрсеткіші 2014 жылы өткен әлем чемпионатында тіркелді. Аталған сында Александр Гутордың бастауыман қазақстандықтар 1/8 финалға дейін жеткен болатын. 

Айта кетелік, 2006 жылы Қазақстан командасының капитаны Елена Павлова бір ойында жиған ұпай саны бойынша әлемдік рекорд орнатты. Ол АҚШ-қа қарсы өткен матчта 42 балл алып, тарихта қалды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу