Волейболдан Қазақстан чемпионы анықталды

923

Павлодарда волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстанның 29-чемпионаты мәресіне жетті.

Волейболдан Қазақстан чемпионы анықталды

Плей-офф қорытындысы бойынша Өскеменнің "Алтай" клубы жеңімпаз атанды, деп жазады inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Плей-офф кезеңіндегі барлық кездесуде жеңіске жеткен "Алтай" клубы чемпион атанса, екінші орынды талдықорғандық "Жетісу", үшінші орынды Петропавлдың "Қуаныш" командасы иеленді.

Турнирдің "Үздік шабуылшысы" атағын "Жетісу" ойыншысы Надежда Кодола мен "Қуаныш" намысын қорғайтын Светлана Парукова иеленген. "Үздік либера" атағын "Алтай" ойыншысы Мадина Бекет алса, команда мен ұлттық құрама үздігі Сана Анарқұлова "Ең бағалы ойыншы" атанды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу