Волейболдан Қазақстан кубогінің үздік ойыншылары белгілі болды

556

Волейболдан Қазақстан кубогі 22-30 қазан аралығында өткен болатын.

Волейболдан Қазақстан кубогінің үздік ойыншылары белгілі болды

Волейболдан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогінің үздік ойыншылары анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.  Таразда өткен әйелдер арасындағы бәсекеде "Алматы" клубының ойыншысы Инна Яковлева, "Жетісу" ойыншысы Алеся Сафронова және "Алтай" командасының капитаны Сана Анарқұлова үздік деп танылды. 

Өскеменде ұйымдастырылған ерлер арасындағы ел кубогі додасында "Алтай" ойыншысы Владимир Жигмонт, "Ұшқын-Көкшетау" ойыншысы Қанат Ғабдуллин және "Атырау"  ойыншысы Айбат Ниеталин үздік атанды. 

Айта кетелік, волейболдан Қазақстан кубогі 22-30 қазан аралығында өткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу