Volkswagen өздігімен жүретін автокөліктің прототипін ұсынды

890

Volkswagen өздігімен жүретін автокөліктің прототипін ұсынды

Volkswagen автоконцерні Женевада өткен автокөрмеде өзінің алғашқы Sedric (Self-Driving Car) машинасының прототипін таныстырды. Бұл туралы "КоммерсантЪ" Mashable-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым ұсынылған автокөліктің "көзі бадырайған" Бульбазавр (Bulbasaur) покемонына ұқсайтындығын айтады. The Verge, өз кезегінде, көлік "долданған тостерге" ұқсас дейді.

Автоөндіруші пилотсыз автокөлікті жасау қашан басталатынын және ол сатылымға қашан түсетіні туралы ештеңе жарияламайды. Қазіргі кезде Sedric – бұл тек тұжырымдама, соңғы нұсқасы ұсынылған прототиптен өзгешелеу болуы мүмкін екені айтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу