Волонтерлік қызмет Конституция деңгейінде бекітілмек

112

Тиісті ұсыныс қолдау тапқан.

Волонтерлік қызмет Конституция деңгейінде бекітілмек Фото: Конституциялық сот

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов  волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныстар түскенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өткен отырыста әріптестеріміз нақты ұсыныстар енгізген болатын. Сонымен қатар азаматтар мен ұйымдардан, ғалымдар мен заңгерлер қауымдастығынан бірқатар жолданымдар келіп түсті. Олар шын мәнде маңызды мәселелерге қатысты. Осыған байланысты Конституция жобасына жаңа нормалар қосымша қарастырылды. Қазақстанда волонтерлік қозғалыс белсенді дамып келеді. Ол туралы өткен отырыста әріптесіміз Вера Ким ханым жақсы айтқан болатын. Комиссия мүшелері және волонтерлік ұйымдар елдің шынайы патриоттары, жасампаз әрі өзекті мәселелерге бей-жай қарамайтын жастар қоғам игілігі үшін еңбек етіп жатқанына назар аударды. Биылғы жыл бүкіл әлемде халықаралық волонтерлер жылы ретінде аталып өтуде. Өздеріңізге белгілі, бұл бастаманы Мемлекет басшысы БҰҰ Бас ассамблеясының 75-сессиясында жария еткен болатын. Комиссия қарауына волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныстар түсті", – деді Бақыт Нұрмұханов.

"Волонтерлік қызмет туралы" Заңды және азаматтардың ақысыз, ерікті көмегінің мұқтаж адамдарға қажеттігін, қоршаған ортаны қорғаудағы маңызын ескере отырып, бұл ұсыныс қолданғаны белгілі болды. Комиссия мүшесінің айтуынша, жобаның 31-бабының 2-тармағына "Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, өзге де қамсыздандыру түрлері, волонтерлік қызмет пен қайырымдылық қолдау табады" деген толықтыру енгізілді.  

"Бастамашылардың пікірінше, бұл идея жобаның басқа ережелерін, әсіресе Преамбуланы және ҚР қызметінің негіз құраушы қағидаттарын қисынды түрде толықтырады. Олардың қатарына жауапты әрі жасампаздық, отаншылдық идеясын ілгерілету, қоғамдық диалогты дамыту, еңбек сүйгіштік құндылықтарын бекіту, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру және басқалары бар. Кей өзгерістер құрылтайдың қызметін ұйымдастыру мәселелеріне қатысты", – деп түсіндірді Бақыт Нұрмұханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу