Вuzachi Operating компаниясының филиалы 2016 жылы мұнай өндіруді 14%-ға төмендетті

1239

Вuzachi Operating компаниясының филиалы 2016  жылы мұнай  өндіруді 14%-ға төмендетті

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы  Солтүстік Бозащы кен орнында мұнай өндіретін Вuzachi Operating компаниясының филиалы 2016 жылы 1 млн 526,1 мың тонна мұнай өндірді, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық индустриялдық-инновациялық даму басқармасынан.

Компания 2015 жылы 1 млн 777,2 мың тонна мұнай өндірген. Осылайша, былтыр өндіру 14%-ға төмендеді.

Айта кетейік, 2016 жылы кен орнында жаңадан 36  ұңғыма бұрғыланып, іске қосылған болатын.

Солтүстік Бозащы кен орны 1974 жылы ашылған. Buzachi Operating Ltd –  Маңғыстау облысының аумағында, Ақтау қаласынан солтүстікке  қарай 250 шақырымда орналасқан Солтүстік Бозащы  кен орнын игеру үшін  2004 жылы желтоқсанда құрылған  компания.

Buzachi Operating-ке қазіргі таңда қытайлық CNPC және "Лукойл" ААҚ-ның еншілесі "ЛУКОЙЛ Оверсиз" тепе-тең иелік етіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу