Вячеслав Ким "Самұрық-Қазынаның" Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды

1229

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz.   

Вячеслав Ким "Самұрық-Қазынаның" Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды

Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтындағы хабарламаға сүйенсек, кеңестен "өз бастамасы бойынша Директорлар кеңесінің мүшесі В.К. Ким шығарылған".

"Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Саткалиев А.М., Акишев Д.Т., Куантыров А.С.", – деп жазылған хабарламада.

Вячеслав Ким – акционер және Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы, компанияның 24,13%-ын иеленеді. Ол 2021 жылы алғаш рет Forbes миллиардерлерінің әлемдік тізіміне (925-орын) кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу