Бүкіләлемдік бокс кеңесі Қанат Исламды өз рейтингінен шығарып тастады

882

Бүкіләлемдік бокс кеңесі Қанат Исламды өз рейтингінен шығарып тастады

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) ресми сайтында 2018 жылғы ақпан айының жаңарған рейтингін жариялады, деп хабарлайды vesti.kz.

Бұл кестеде бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental титулдарының иегері қазақстандық Қанат Ислам (25-0, 20 КО) жоқ. Бұған дейін ол өз дивизионында алтыншы тұрған, алайда WBC қазақстандықты өз рейтингінен алып тастағанда, боксшы ТОП-15 тізімінен де шығып қалған.

Қазіргі уақытта Қанат Ислам бірінші орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) рейтингінде көш бастап тұр. Өткен жылдың қарашасында ұйым қазақстандыққа чемпиондық титулға міндетті үміткермен жекпе-жек тағайындаған болатын. Оның қарсыласы америкалық Джон Вера (18-0, 11 КО) болуы керек еді.

Тараптар келіссөз жүргізген, бірақ АҚШ боксшысының командасы Ислам жекпе-жектен бас тартты деген хабар таратты. Нәтижесінде 24 ақпанда Вера француз Мишель Соромен (31-2-1, 30 КО) кездесетін болды.

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың қыркүйегінде Астанада өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу