Westoil Software компаниясы 50 қызметкермен еңбек шартын бұзбақ

210

Аталған қызметкерлердің әлі де бұрынғы жұмыс орнына қайта оралуына мүмкіндіктері бар.  

Westoil Software компаниясы 50 қызметкермен еңбек шартын бұзбақ Фото: shutterstock.com

Компания бүгіннен бастап ереуілді заңсыз деп тану туралы сот шешімін негізге алып, өндірістік қажеттілікке байланысты 50 қызметкермен еңбек шартын бұзатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Бос орындарға жұмысқа орналасуға кезекте тұрған азаматтардың арасынан үміткерлерді қабылдаймыз. Бұл ретте жұмысқа қабылдау ісі бос лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Бұл тәсіл еңбек заңнамасына сай келеді.

"Жұмысқа қабылдау процесі аяқталғанша жұмыстан босатылған қызметкерлердің келісім комиссиясы арқылы жұмысқа қайта оралуына мүмкіндігі бар. Осындай мүмкіндік бар кезде, заңсыз ереуілге қатысушылардың барлығын өз жұмыстарына оралған әріптестерінен үлгі алуға шақырамыз" - деп мәлімдеді компания өкілдері.

Компания жұмысқа орналасуға ниетті жаңа үміткерлердің толық тізімін анықтағаннан кейін, заңсыз ереуілді тоқтатқысы келмеген басқа жұмысшылармен еңбек шартын бұзбақ. Олардың орнына жұмысқа өңірдегі жұмыссыздардың арасынан қабылданады.

Айта кетейік, кеше компания жұмысшылар ереуіліне деструктивті күштер ықпал еткенін хабарлаған еді. Қызметкерлердің заңсыз ереуілге шығуына байланысты компания 1 миллиард теңгеден аса шығынға батқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу