WhatsApp қолданушылары мессенджердің жұмысын ретке келтіруді сұрады

315

Мессенджер пайдаланушылары WhatsApp жұмысындағы ақаулыққа шағымданды. 

WhatsApp қолданушылары мессенджердің жұмысын ретке келтіруді сұрады Фото: WhatsApp Web

Downdetector қызметінің деректеріне сәйкес, шағымдардың көпшілігі (52%) қосымшаның жұмысындағы ақауларға байланысты, тағы 44% хабарлама жібере алмайды, 4% сайт жұмысындағы мәселелерге наразы, деп жазады Inbusiness.kz.

WhatsApp жұмысындағы кедергілер Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Польша, Нидерланды, Швейцария, Канада, Жапония пайдаланушыларында тіркелді. Ақауларға Үндістанда, Пәкістанда, Бангладеште, Оңтүстік Африкада, Сауд Арабиясында және басқа елдерде де шағымданады.

WhatsApp кедергілерід жою үшін жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Кейін мессенджердің жұмысы қалпына келтірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу