WhatsApp мессенджері тағы бір жаңа қосымшаны іске қосты

841

WhatsApp мессенджері тағы бір жаңа қосымшаны іске қосты

App Store дүкенінде iPhone иелері WhatsApp қолданушыларының қайда жүргенін анықтайтын Chatwatch қосымшасы пайда болды. Аталған қосымша сондай-ақ WhatsApp тізіміндегілердің қай уақытта оянып, қай кезде ұйықтайтынын көрсетеді, деп хабарлайды atr.kz

"Chatwatch қосымшасын туыстарыңыздың, достарыңыз бен қызметкерлеріңіздің белсенділігін бақылап отыру үшін пайдаланыңыз", - делінген қосымшаның сипаттамасында.

Сондай-ақ, Chatwatch тізімдегі адамдардың бір-бірімен сөйлескен-сөйлеспегенін анықтауға көмектеседі. Ол үшін қосымша бірнеше қолданушының мәліметтерін салыстырады. Осылайша Facebook компаниясы қолданушылардың мәліметтерін қандай мақсатта пайдаланатындарын көрсетпек.

Lenta.ru басылымының хабарлауынша, қосымшаның бағасы – 1,99 доллар. Осы ақшаға қолданушылар WhatsApp тізімінде бар екі адамды бір апта бойы бақылауға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, қосымшаның құрастырушылары жиналған ақшаның Дональд Трампқа қарсы бейкоммерциялық саяси ұйымды қаржыландыру үшін жұмсалатынын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу