WhatsApp-та жаңа функциялар пайда болмақ

492

Мессенджерде ауқымды жаңартулар болып жатыр. 

WhatsApp-та жаңа функциялар пайда болмақ Фото: appleinsider.ru/

WhatsApp командасы чатта сауалнамалар жүргізу, 32 адамға дейін бейнеқоңыраулар шалу, 1024 қатысушы бар топ құру секілді функцияларды іске қосатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz мессенджердің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұдан бөлек "Қауымдастықтар" атты функция алдағы бірнеше айда барлық қолданушыға қолжетімді болады деп көрсетілген. 

"Қауымдастықтар көптеген топты біріктіре алады. Оның мүшелеріне WhatsApp-та топтық хат алмасуға мүмкіндік беріледі. Ол үшін "Жаңа қауымдастық" батырмасын басу керек. Бұл Android жүйесіндегі чаттар тізімінің үстінде немесе IOS жүйесінде астында орналасады", - деп жазылған https://blog.whatsapp.com/ хабарламада.

Осылайша жаңа қауымдастық құруға немесе қауымдастыққа өзге топтарды қосуға болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу