Wildberries қоймасындағы өрт: отандық кәсіпкерлер шығынға батты ма?

367

Әзірге қазақстандық сатушылар тарапынан ешқандай өтініштер түспеген. 

Wildberries қоймасындағы өрт: отандық кәсіпкерлер шығынға батты ма? Фото: РИА Новости/Александр Гальперин

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Санкт-Петербургте болған Wildberries қоймасындағы өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сатып алушыларымыз, тауардың қандай көлемі зардап шеккені туралы нақты мәлімет жоқ. Себебі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек санау әрі тексеру шаралары да жүріп жатыр. Жеткізу мүмкіндігіне келетін болсақ, көлік паркінің зардап шекпегені өздеріңізге мәлім. Тауарларды жеткізу жүргізіліп жатыр. Тауарларымызды сақтау әрі өңдеу пункттерінің басым бөлігі орталық Ресейде екенін айту керек. Процесс қалыпты режимде жүріп жатыр. Әзірге мұндай өтініштер түскен жоқ", - деп жауап берді ведомство басшысы.

Арман Шаққалиев тергеу нәтижелерін күту қажеттігін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу