Wildberries маркетплейсі зардап шеккен қазақстандық кәсіпкерлерге өтемақы төлей бастады

249

Компанияның ресми мәліметінше, бұл жолы 97 мыңнан астам кәсіпкерге төлем аударылады.  

Wildberries маркетплейсі зардап шеккен қазақстандық кәсіпкерлерге өтемақы төлей бастады Фото: business-gazeta.ru

Wildberries маркетплейсі логистикалық нысандарға жасалған шабуылдардан зардап шеккен сатушыларға қаржылай қолдау көрсетудің екінші кезеңін бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты Finratings.kz порталына сілтеме жасап.

Компанияның баспасөз қызметі Finratings.kz-ке берген түсініктемесінде Қазақстандағы селлерлердің де қолдау бағдарламасына енгізілгенін растады.

Wildberries мәліметінше, екінші кезеңге алғаш рет өтемақы алатындар ғана емес, бұған дейін бірінші транш аясында төлем алған кәсіпкерлер де кірген. Яғни өтемақы бірнеше кезеңмен төленіп жатыр.

"Қаражат жақын арада сатушылардың платформадағы теңгеріміне түседі. Одан кейін олар оны Wildberries-тің қалыпты төлем кестесіне сәйкес шешіп ала алады", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Алайда маркетплейс бұл төлемдерді "қолдау төлемдері" деп атаған. Бұл олардың жоғалған тауарлардың толық құнын немесе жіберіп алған табысты толық өтейді дегенді білдірмейді.

Бұған дейін ECOMMERCE-KZ электрондық сауда қауымдастығының төрағасы Хамит Қашықов шабуыл салдарынан қауымдастыққа мүше 250 кәсіпкердің 150-ден астамы зардап шеккенін мәлімдеген болатын.

Алдын ала есеп бойынша, қазақстандық кәсіпкерлердің шығыны шамамен 2 млрд теңгеге жуық. Жекелеген кәсіпкерлердің шығыны 300 мың теңгеден 200 млн теңгеге дейін жетіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу